Абай таныған кәусарлар

Англичане. Чтение для народа. /Сост. Ф.Ф.Пуцыковичъ. — С.-Петербург: Изд., Книжного Магазина П.В. Луковникова., 1901. – 16 с. (31 г.) http://7lib.kz/search-result/1

Феофил Феофилович Пуцыкович – ұстаз және ғылыми жазушы, халық мектептеріне әртүрлі пәндерден көптеген оқулықтар жазған автор. Көпшілік оқырман үшін ол 20 көркем безендірілген «Библейские рассказы» кітапшаларын және «Из народоведения» сериясымен 40 этнографиялық кітапшалар дайындаған. 1905 – 1908 жылдары этнографиялық брошюралардың біршамасын татар қоғам қайраткері Фатих Карими түрік тіліне аударған.

«Из народоведения» сериясымен жарық көрген «Англичане: чтеніе для народа» кітабы ағылшын ұлты жөнінде мәліметтер береді. Ағылшындар – Англияның негізгі халқын құрайтын халық, ұлт және этникалық топ. Орта ғасырларда Ұлыбритания аралында англ, сакс, фриз және ют сынды герман тайпаларынан, сондай-ақ аралдағы кельт тұрғындарынан және Скандинавиядан шыққан тайпаларынан қалыптасты. 16 беттен тұратын кітапта ел жайлы, экономикасы, саудасы, Англия шаруашылығы, сондай-ақ тарихы, мәдениеті, британдықтардың тұрмысы туралы тартымды баяндалған.

Милль Дж. С. Система логики. — Т.2. – 2-ое изд. — Санкт-Петербург – Москва: Издание книгопродавца-типографа М.О. Вольфа, 1878. — 518 с. http://kazneb.kz/bookView/view/

Ағылшын философы және экономисті, Ұлыбритания парламентінің мүшесі Джон Стюарт Милльдың (1806-1873) «Система логики» – рационализм философиясының классикалық туындысы. Философтың негізгі жұмысы алты кітаптан тұрады. Олар «Имена и предложения», «Умозаключение», екінші томға үшінші «О наведении», төртінші «О процессах, вспомогательных наведению», бесінші «О Заблуждениях», алтыншы «О логике нравственных наук» кітаптары енген. Бұлар – табиғи тілдерді логикалық-семиотикалық талдау, индуктивті ойлауды дамыту, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың мәселелерін ақылмен шешу үшін логиканы қолдану сияқты қазіргі уақытта да өзекті болып табылатын мәселелер талқыланады. Білімге, ғылымға деген сенім, оның әдістеріне байланысты ғылым әдіснамасы мен оның мәселелерін талқылай білу туралы жазылған кітап оқырманды бей-жай қалдырмайды. Басылым философтарға, логиктерге, лингвистерге, жасанды интеллект саласындағы мамандарға, сондай-ақ логика мен эпистемология мәселелеріне қызығушылық танытатын барлық оқырмандарға арналған.

 

Некрасов Н. Стихотворенія. – изд. 4-е. – Санктпетербургъ: Изданіе книготорговца С.В. Звонарева (книжный магазинъ при главной конторе Современника, Литейный проспектъ, д. Брока, № 27), 1864. – 214 с. http://kazneb.kz/bookView/view/

Жинаққа орыс ақыны, публицист, орыс әдебиетінің классигі Николай Алесеевич Некрасовтың әр түрлі тақырыптағы өлеңдері, оның ішінде «В дороге», «Тройка», «Родина», «В деревне», «Свадьба», «На Волге» және т.б. шығармалары кірген. Н.Некрасовтың өлеңдер жинағын кітапхана қорына Федор Федорович Трейеров тапсырған, ол жөнінде кітаптағы мөр дәлел бола алады.

 

Салтыковъ-Щедринъ М.Е. Полное собраніе сочиненій М.Е. Салтыкова [Н.Щедрина] Т.9. Господа ташкентцы (1869 – 1872гг.); Пошехонскіе разсказы (1883 – 1884 гг.); Круглый годъ (1879 г.). – 3-е изд. – С.- Петербургъ: Тип. М.М. Стасюлевича, 1895.- 635 с. http://kazneb.kz/bookView/view/

М.Е. Салтыковтың (Н. Щедрин) шығармаларының тоғызыншы томына «Господа Ташкентцы», «Пошехонские рассказы» и «Круглый год» сынды танымал көркем туындылары енген. Онда ұлы орыс жазушысы орыс қоғамының өмірінің сатиралық көрінісін жасайды, оның жаман қылықтарын мазақ етіп, бюрократияның типтік ерекшеліктерін анықтайды. «Пошехонские рассказы» крепостнойлық құқық дәуіріндегі жер иелерінің өміріне арналған жазушының соңғы шығармасы. Бұл шығармалар Салтыков-Щедринге лайықты түрде ірі орыс және әлемдік сатирик даңқын әкелді.