Әсет Найманбайұлы атақты суырып салма ақын, әнші және композитор Қарқаралы уезінің Темірші болысының Сегізінші ауылында (қазіргі Қызыл арай колхозы, Қарағанды облысы) дүниеге келген. Руы Арғын, оның ішінде Қаракесектен тарайтын Майлық деп аталатын аз атадан. Әкесі Найманбай кедей шаруа болыпты. Ауыр тұрмыстың айдауымен 1875 жылы Семей қаласына көшіп келген. Кейіннен Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Бақты ауылына қоныс аударған. Осында Әсетті медресеге оқуға береді. Он бір жасында бірінші рет мектеп есігін ашқан зерделі бала төрт-бес жылда медресенің білімін жақсы меңгеріп алады. Зайнолла медресесінде арабша оқып, жазуды тез үйренді. Медреседе жүргенде-ақ ақындық таланты ашыла бастайды. Араб тілін, шығыс поэзиясын меңгеріп, Абай ауылында жиі болған ақынның әндері халық арасында кеңінен таралды.
Жасы ұлғайған шағындағы бір өлеңінде ақындық өнер сапарының он үш жасында басталғанын айтады:
Елуден жасым менің белең асқан,
Өлеңге он үш жастан араласқам.
Қызыл тіл қимылдаса қызуымен,
Текпінді терең сөзден жаза баспан… –
дейді ақын Әсеттің алғашқы ақындық қаламындағы айтатын, жазатын өлеңдерінің тақырыбы көбінесе жастық, махаббат туралы және суырып салма айтыс өлеңдер болды.
Әсет – ақындық өнерді өзгеше жоғары бағалап, табиғаттың тартқан ерекше қасиетті сыйы деп біліп, ардақтаған адам. Ақындық өнерін халқына арнаған Әсетті туған елі қадірлеп, құрметтеген.
Замандастарының айтуынша, өткен ғасырдың барлық көрнекті қазақ әншілері, ақындарының Қоянды жәрмеңкесінде өнер көрсетуінің өзіндік орны болған. Қоянды ауылына Әсет Найманбаев та барып, екеуі де танымал, тәжірибелі, тапқыр ақындар бір-бірін жеңе алмаған ақын қыз Рысжанмен сайысқа түскен. Сапар барысында Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі көптеген жаңа әндерді алып келген Әсет тек көрнекті әнші ғана емес, сондай-ақ, ірі ақын-импровизатор болған. Сонымен қатар, Әсет айтысы оның жоғары талғамымен, сөз таңдауымен ерекшеленді.
Әсет поэзиясының тақырыбы көп қырлы. Реалист ақын поэзиясында демократиялық мотив басым. Жаяу Мұса сияқты Әсет Найманбаев қыздарға арналған жоқтау (ән – күй), эпиграммдар, арнау және ғашықтарға арналған махаббат өлең – хаттарын жазған. Сондай-ақ, ақын шығармаларында дінді, мұсұлман дінін жырлайтын өлеңдер кездеседі.
1923 жылы Құлжа қаласына келген Әсет ақын Қытайдағы қазақтардың қиын өмірі туралы айтған. Өзінің Отанына оралмайтынын, туған өлкесін көрмейтінін сезген үлкен ақын және композитор Әсет Найманбаев 22 наурызда Отанынан алыста, бөтен елде қайтыс болған. Халық, асыл қазыналы, өткен мәдениеттен еңсерілмейтін, өз әншісін және көптеген әдемі әндердің авторын ұмытқан емес. “Әсет” әні кеңес композиторларының көптеген шығармаларында айтылды, бұл әннің негізгі әуені композитор Латиф Хамидимен бірге жазған “Абай” операсынан Абай ариясында қолданылған.
Көптеген көрнекті халық композиторлары, сүйікті әншілер мен ақындар қатарында Әсет Найманбаев құрметті орындардың біріне ие. Ақынның туған жерге деген сүйіспеншілікті жырлаған шығармаларында отбасы, әйелдердің тең құқылығы, білімге, мәдениетке, өмірдің мәнін ұғынуға шақыру көшпелі тұрмыс, қазақ халқының тарихы, этнографиясы көрсетілген. Әсет шығармашылығында Біржан сал мен Ақан сері бастаған Сарыарқаның ән дәстүрі дамыды.
Әсет Найманбаевтың музыкалық-поэтикалық дарындылығы атақты ақын Бақтыбай, Әріп, Қали, Сәмет, Рысжан, Кемпірбай және Таңқай ақындарымен айтыста көрініс тапты. Халық арасында “Інжу – Маржан”, “Қаракөз”, Майда қоңыр”, “Әпитөк”, “Гаухар қыз” әндері, “Ағаш ат”, “Үш жетім қыз”, “Мәлік – Дарай”, “Ақырғы сөз” қисса-дастандары танымалдылыққа ие. Әсет шығармалары алғаш рет С. Сейфуллиннің қолдауымен 1925 жылы жарық көрсе, алғашқы жинағы 1968 жылы 34 өлеңнен, 4 айтыстан, 4 қисса-дастаннан тұратын Б.Адамбаевтың құрастыруымен шықты. Әсет пен Рысжанның айтысы, “Сағила – Әмен” поэмасы және басқа да шығармалар біздің заманымызда бірнеше рет басылып шыққан.
1990 жылы 19 қыркүйекте Мақаншы ауылында Қазақстан Үкіметінің қаулысына сәйкес Әсет Найманбайұлының 125 жылдығына орай әдеби-мемориалдық мұражай ашылды. Мұражайдың үш залында 1700-ге жуық жәдігер қойылған, оның ішінде Әсеттің жеке заттары, отбасылық фотосуреттер, ақынның шығармалары, сондай-ақ, Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беретін құнды жәдігерлер сақталған.
Әдебиеттер:
Абай және ақын шәкірттер мұрасы: төрт томдық. Т.1. Тандамалылар. / бас ред. М. Сәрсеке. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2020. – 472 б. (Абай әлемі). – Әсет Найманбайұлы: 251-282 б.
Абайдың ақын шәкірттері. 3-ші кітап. – Алматы: Дәуір, 1995. – 224 б.
Адамбаев Б. Алтын сандық: әдеби мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1989. – 200 б.
б.
Айтова Ж. Әсет Найманбайұлы // Абай және ақын шәкірттер мұрасы: төрт томдық. Т.4. Тандамалылар. / бас ред. М. Сәрсеке. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2020. – 5-217 б. (Абай әлемі).
Білгенге маржан: қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер / құраст. А. Қ. Керімтаев. – Алматы: Көркем баспасы, 2010. – 416 б.
Дастандар: октябрь революциясына дейінгі қазақ ақындарының дастандары. – Алматы: Қазмемкөркем әдеббас, 1960. – 322 б.
Жұбанов А. Замана бұлбұлдары – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 440 б. – Найманбаев Әсет: 266-278
Кенжебайұлы Б. Бес томдық шығармалар жинағы. Т. 1: Түрік қағанатынан бүгінгі күнге дейін.. – Алматы: Асем-систем, 2010. – 344 б.
Қазақстан композиторлары = Композиторы Казахстана: анықтамалық / ред. А. Қоныс. – Алматы: Sansam, 2011. – 216 б. – Әсет Найманбайұлы: 50-51 б.
Қазақтың 100 поэмасы. Т. 1. – Алматы: Жазушы, 2013. – 376 б.
Майчекин М. Портреттер – Алматы: Жазушы, 1969. – 112 б.
Мәсімхан Д. Сарап: әдеби-зерттеу мақалаларының жинағы – Астана: Елорда, 2001. – 240 б.
Нұғман Ә. Қазақтың әншілік дәстүрі. – Алматы: Арыс, 2009. – 235 б.
Нұржекеұлы Б. Өнер құдіреті. – Алматы: Білім, 2003. – 100 б. – (Уақыт және қаламгер).
Семей өңірінің ақын-жазушылары: био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. – Семей: Талант, 2005. – Әсет Найманбайұлы: 66-68 б.
Толыбаев Қ. Әсет: [Ә.Найманбайұлы туралы] – Алматы: Өнер, 1995. – 400 б.
Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – 848 б. – Әсет Найманбайұлы: 223-224 б.
****
Айтова Ж. Әсет және қазақ фольклоры: [Ә.Найманбайұлы туралы] // Семей университетінің хабаршысы. – 1998. – №2.- 149-154 б.
Әсеттің жария болмаған өлеңдері // Дидар. – 1998. – 17 қараша. – 2 б.
Бекбосынов О. Әсет ақын қайда туған // Халық Кеңесі. – 1992. – 2 қараша. – 2 б.
Болғанбаев Ә. Алашқа аты шыққан Әсет ақын // Халық Кеңесі. – 1991. – 2 қараша. – 3 б.
Дәулетхан Ә. Әсет Найманбай мен Шылбы-Әлім Ахұн Көбекұлының жазысқан өлең хаттары жөнінде // Дәстүр. – 2014. – №6. – 52-57 б.
Еділбаева Г. Ә.Найманбайұлының қисса – дастандары // Вестник Казахстанско-Американского Свободного Университета. – 2006. – №2. – 146-150 б.
Ердембеков Б. Әсет ақын мұрасы хақында // Семей таңы. – 2009. – 15 қаңтар. – 3 б.
Жақыпов А. Адамның бұлбұлы: [ақын Әсет Найманбайұлының туғанына 130 жыл] // Егемен Қазақстан. – 1997. – 6 ақпан. – 4 б.
Керейқұлов Қ. Шабытты шақ // Лениншіл жас. – 1989. – 31 наурыз. – 2 б.
Қожағұлов, С. Әсеттің “француз қиссасы”: [Ә.Найманбайұлының “Француз қиссасының” шығу тарихынан] // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2000. – №2. – 36-38 б.
Құдайбергенов Т. Ақынды еске алғанда: Әсет ақынның 125 жыл толуына орай // Семей таңы. – 1992. – 4 шілде. – 4 б.
Маман Ж. Әсеттің ақырғы әні: музыкалы хикаят // Таң-Шолпан. – 2012. – № 1. – Б. 88 – 119.
Мамырбаев Ш. Ақын арманы // Семей таңы. – 1992. – 1 ақпан. – 2 б.
Разуев Ә. Ақын Әсеттің бойтұмары // Ертіс өңірі. – 2010. – 8 қыркүйек. – 12 б.
Разуев Ә. Бір сапардың ізімен: ақын Ә. Найманбайұлының туғанына 145 жыл // Уақыт тынысы – Пульс времени. – 2012. – 27 қыркүйек. – 3 б.
Толыбаев Қ. Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп…// Қазақстан-Заман. – 2002. – 7 маусым. – 12 б.
Түгелбаев А. Тереңге тамыр тартқан: Әсеттің аударма өлеңдері // Білім және еңбек. – 1987. – № 7. – 47 б.