Әріп Тәңірбергенұлы (азан шақырып қойған аты Мұхамедғаріп) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы,Үшбиік ауылына қарасты Еңірекей елді мекеніңде дүниеге келген. Руы – Сыбан ішінде Жанкөбек. Әріптің арғы аталарының есімдері тарихта қалған белгілі адамдар болған. Жанкөбектің бір баласы – Нар дауысты Нарынбай XVII ғасырдың аяғында қазіргі Ташкент Жеті қақпа аталып тұрған кезде, бір қақпасына бек болған адам. Нарынбайдан – Қу дауысты Құттыбай, Құттыбайдан – тарихтан белгілі он жеті ақын тараған Байғара би, Байғарадан – Ақтайлақпен бірге Байсал тарайды. “Дұт” атанған осынау ұрпақтан әйгілі он жеті ақын шыққан. Олардың көбінің мұрасы бізге жетпеген. Бір ұрпақтан бір кезеңде шыққан он жеті ақынның мұраларын жинап ел игілігіне жарату – болашақ әдебиетшілердің үлесінде.
Найман шежіресін тарата келіп Бердібек Сұлеймен би:
Байсалұлы Әліден — Тәңірберген,
Оның ұлы Әріпті Найман білген.
Тұсында Әріп ақын атаныпты
Ақындық Байғарадан үзілмеген, –
дейді. Көсемдігі мен шешендігі тең ұлы ата ұрпағынан шыққан Әріптің нағашы жұрты да осал еместі. Ақынның шешесі Жаңғақ шешендігімен көзге түскен сөзге ұста адам болған.
Ол – «Абай жолы» романында кеңінен сөз болатын Тобықтының Көкше атасынан шықкан Қаратай шешеннің інісінің қызы. Әріптің Абаймен жақын танысуының бір себепкері осы нағашы жұрты, оның ішінде ақын досы – Көкбай Жанатайұлы.
Әріп ауыл молдасынан ескіше сауатын ашқан соң, 11-12 жасында Семей қаласындағы миссионерлік мектепте оқыды. Жасынан орыс оқуын терең меңгерген Әріп араб, парсы, қытай тілдерін де жетік біледі.
1876-1878 жылдары Семей қаласындағы уездік училищеде өте жақсы бағамен оқығандығы туралы мұрағат деректер бар (Қазақстан орталық мұрағаты 491-қор. 1-тізбе. 8-іс). Оқуын бітірген соң алғашқы кезде мұғалім болып бала оқытады, кейінірек қытайдағы Шәуешек қаласында орыс консульствосында бірнеше жыл тілмаш қызметін атқарады.
Сонан соң Алматы, Бішкек қалаларында әр түрлі қызметте болады.
Жетісу, қырғыз жерлерінде болған жылдарында Жамбыл бастатқан ақындармен араласып, жақын жүреді. Ауызша айтып, жаздырып қалдырған естелігінде Жамбыл: «… Сол отырғандардың ішінде бір қызылшырайлы сары жігіт менің сөзімді ден қоя тыңдап отырған тәрізденді. Әлгі қызылшырайлы сары жігіт Әріп екен. Алматыда қызмет істейді екен өзі. Сөз әлпетіне қарағанда, бұл да бір кесек ақын-ау деген ойға келдім.
Таныса жүрейік деген соң сол топта мініп жүрген жақсы ерімді бердім оған. Бұдан кейін де әлденеше жолығып жүрдік.
Өзі көбінесе өлеңін жазып айтатын ақын екен. «Біржан-Сара» айтысының кейбір жерлерін жатқа айтып беріп жүрді.
Өзі тұтқиылда сөзге тапқыр жігіт екен…» деп Әріпке жоғары баға берген. Жамбылдай ұлы ақынның бір көрген адамына осыншама ықыласы түсіп, астындағы мініп жүрген «жақсы ерін» сыйлауы тегіннен-тегін емес.
Үлкен таланттардың бірін-бірі жазбай танығандығының мысалы.
Әріп Тәңірбергенов танымал сөз шеберлері Біржан мен Сараның айтысын жазып алып кейінгі ұрпаққа қалдырған.Әріп қолына қалам алған күннен бастап Абайдан көз жазбаған, Абай дәстүрін бойына жастай сіңірген аса ірі ақындардың бірі. Әрқашан Абайға ұқсауға талпынып, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, Абай ағасынша «екі жаққа бірдей үңіліп», батыс-шығыс әдебиетінің озық үлгілерінен көп үйренген.
Өз үйінен балалар үшін мектеп ашып, мүмкіндігінше оларға орыс тілін үйреткен. Әріп қазақ оқырмандарын орыс классиктерінің, ең алдымен А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың шығармаларымен таныстыруға тырысқан. Әріп Тәңірбергеновтың революцияға дейінгі шығармашылығы білімге, ғылымды оқуға шақырады. Қазіргі орыс және батыс европалық поэзиялардың білгірі болды. Оның кең танымал болған поэма – хиссалары: «Ходжа – Гафан», «Зияда –Шахмурад».
Әріп ғылым қуу жолына мықтап түседі. 1882-1884 жылдары Аякөз уезінде, 1884-1887 жылдарда Қытай Халық Республикасында Ресей консулы Николай Балкашиннің тілмашы міндетін атқарады. Сондай-ақ, Верный, Бішкек қалаларында заң орындарында, байланыс саласында жұмыс істейді.
Сондықтан да дүние салғанда оны шәкірттері Төлеу Көбдіков, Сапарғали Әлімбетов, Есенсары Құнанбаев, Шәкір Әбеновтер күңірене жоқтаған.
Өмірдің талай-талай соқпағын, тайғақ кезеңдерін бастан кешірген, ел арасындағы зорлықшыл топтардың қиянатын да көп көрген, надандықпен Абай ұстазынша алысып өткен ақын 1924 жылы 68 жасында Еңірекей бекетіне таяу Жыланды деген жерде қайтыс болған. Сүйегі сондағы өз қыстауы Қарабұлаққа жерленген.
Әдебиеттер:
Абай және ақын шәкірттер мұрасы: төрт томдық. Тандамалылар. Т.1 / бас ред. М. Сәрсеке. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2020. – 472 б. – (Абай әлемі). – Әріп Тәңірбергенов: 188-251 б.
Абайдың ақын шәкірттері 3-ші кітап / алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ. Мұхамедханұлы. Алматы: Дәуір, 1995. – 319 б.
Бес ғасыр жырлайды: үш томдық. Т.3. XV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жырауларының шығармалары. – Алматы, 1984. – Тәңірбергенов Ә. : .70 б.
Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту: ХІХ ғасырдың ІІ жартысы, ХХ ғасыр: оқу құралы, бағдарлама: Х, ХІ сыныптар. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚР білім акад. Респ. баспа кабинеті, 2000. – 274 б.
Бұл өлең шыққан екен бірталайдан…: “Біржан-Сара айтысына” қатысты зерттеу мақалалар мен ғылыми ой-тұжырымдар. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ “Берел” баспасы, 2014. – 506 б.
Ердембеков Б. Әріп Тәңірбергенұлы // Абай және ақын шәкірттер мұрасы: төрт томдық. Тандамалылар. Т.3 / бас ред. М. Сәрсеке. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2020. – 448 б. – (Абай әлемі). – Әріп Тәңірбергенов: 223-446 б.
Ердембеков Б. А. Алаштың ақиығы – Әріп қыран: ғылыми мақалалар, ой-пікірлер және арнаулар. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ “Берел” баспасы, 2014. – 414 б.
Ердембеков Б. Әріп Тәңірбергеновтің өмірі мен шығармашылығы (жаңаша пайымдау): автореферат. – Семей, 1999. – 27 б.
Ерденбеков Б. Әріп ақын: монография. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ “Берел” баспасы, 2014. – 188 б.
Жарма ақындары: антологиялық жинақ. 1-ші кітап / құраст.: М. Иманжапаров, М. Зүкенұлы . – Семей: Үш биік, 2010. – 328 б.
Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті: жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 1976. – 266 б.
Қазақ әдебиетiнiң тарихы 10 томдық. Т.5. ХIХ ғасырдың екiншi жартысы (1850-1900). – Алматы, 2006. – Тәңірбергенов Ә.: 440-463 б.
Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы 10 томдық. Т. 5. Қазақстанның Ресейге бағыну кезіндегі тәлімдік ойлар және оқу-ағарту ісінің жайы. – Алматы: Сөздік – Cловарь, 2008. – 448 б.
Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы Т.1: Зерттеулер, мақалалар. – Алматы: Ел-шежіре, 2005. – 352 б.
Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. Т. 4: Абай мұрагерлері. Естеліктер. – Алматы, 2005. – 328 б.
Мұхаметханов Қ. Ақын жыры – Октябрь: [Ә.Тәңiрбергенов творчествосы туралы ] // Қазақ әдебиетi. – 1966. – 28 октябрь.
Негимов С. Әдебиет әлемі. – Алматы: Ана тілі, 2008. – 256 б.
Семей өңірінің ақын-жазушылары: био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. – Семей: Талант, 2005. – Тәңірбергенов Ә.: 86-87 б.
Шипанов М.М. Абайдың ақын шәкiртi Әрiп ақынның айтыс, сөз қақтығыстарындағы тарихи шындық // Абай мен Пушкин шығармашылығындағы үндестiк = Созвучие творчества Абая и Пушкина: Халықаралық ғыл. – практ. конф. материалдарының жинағы (24-26 тамыз 2006 ж.). – Семей, 2006. – Тәңірбергенов Ә.: 138-141 б.
Шығыс Қазақстан облысы : энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Тәңірбергенов Ә.: 732-733 б.
Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім). – Өскемен: ШҚМУ, 2006. – Тәңірбергенов Ә.: 300-301 б.
****
Айтұлы Н. “Ұмытпаңдар менi”: Абайдың дарынды шәкiртi, сөз өнерiнiң өрен жүйрiктерiнiң бiрi – Әрiп Тәңiрбергенұлы туралы // Егемен Қазақстан. – 2006. – 13 маусым. – 4 б.
Ақжiгiт Ө. Әрiптi дәрiптеудiң жөнi осы ма?: [“Бiржан – Сараның айтысын” Әрiп жазған деген пiкiрлерге байланысты.] // Ұлт TIMES. – 2012. – 26 шiлде. – 12 б.
Әкiмжанов З. Бiржан мен Сара айтысты ма? // Солтүстiк Қазақстан. – 2015. – 19 қараша. – 6 б.
Әрiп ақын Сараға ғашық болған ба?..: [ақындар Ә.Тәңiрбергенов пен С. Тастанбекқызының өмiрiнен деректер] // Қазақ әдебиетi. – 1996. – 19 қараша. – 14 б.
Бейсенбаев М. Ақын тағдыры: Әрiп Тәңiрбергеновтың өмiрi мен творчествосы // Жұлдыз. – 1990. – № 3. – 197-200 б.
Егеубаев О. Қытайдағы қазақ әдебиетi: [Әрiп Тәңiрбергеновтiң Қытайдағы қазақ әдебиетiне қосқан үлесi] // Жалын. – 2007. – № 5. – 38-41б.
Ердембеков Б. Ақынымызды ардақтай бiлейiк: Әрiп (Мұхамедғарiп) Тәңiрбергенұлының 150 жылдығы// Қазақ әдебиетi. – 2006. – 9 маусым. – 12 б.
Ердембеков Б. Әрiп ақын өмiрiнiң беймәлiм беттерi: Әрiп Тәңiрберген – 150 жыл. // Жұлдыз. – 2006. – № 6. – 166-172 б.
Ердембеков Б. Әрiп Тәңiрбергенұлы: Абайдың шәкiртi ақын Әрiп Тәңiрбергенұлының шығармашылығы жайлы. // Тәрбие құралы. – 2006. – № 6. -6-7б.
Ердембеков Б. Әрiптiң бiр өлеңi турасында: [Ә.Тәңiрбергенұлының “Жеңгелерге” атты өлеңi туралы] // Абай. – 2006. – № 2.- 67-71 б.
Ерденбеков Б. Әрiп ақын жайындағы деректер әлi де жетерлiк: ақын Әрiп Тәңiрбергенұлының төңкерiстен кейiнгi өмiрi туралы // Семей таңы. – 2000. – 6,13 қазан.
Ерденбеков Б. Әрiптiң “Зияда-Шаhмұрат” және Баhрам дастаны // Абай. 2002. – № 1. – 67-71 б.
Есназаров Ө. Әрiп ақын туралы жаңа деректер // Қазақ әдебиетi. – 1963. – 22 март.
Есназаров Ө. Әрiп ақынның айтыс саласындағы мұралары // Қазақ ССР Ғылым акад.хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. – 1967.- № 1.- 40 -51 б.
Есназаров Ө. Әрiп өлеңдерiн зерттеу мәселесi // Қазақ ССР Ғылым Акад. хабарлары. Филол. және иск. зерттеу сер. – 1962. – 1-ші шығ. – 48-60 б.
Есназаров Ө. Тәңiрбергенов шығармаларындағы ескi әдет-ғұрыпты сынау және махаббат-достық тақырыбы // ҚазақССР Ғылым Акад. хабарлары. Филол. және иск. зерттеу сер.- 1962.- Шығ.3(22).- Тәңірбергенов Ә.: .79-89 б.
Ешен Т. Ақынын ардақ тұтқан Аякөз: [Семей обл. Аякөз қ. ХХ ғ. қазақ әдебиетiнiң көрнектi өкiлдерiнiң бiрi, белгiлi ақын Ә.Тәңiрбергеновтiң 140 ж. мерейтойы аталып өткендiгi туралы] // Заман-Қазақстан.- 1996. – 11 қазан. – 1б.
Жұмадiлов Қ. Сонымен, “Бiржан-Сара” айтысын шығарған кiм? : [аталған айтыстың авторы Абайдың шәкiртi ақын Әрiп Тәңiрбергенов деген болжамды дәлелдейдi] // Қазақ әдебиетi. – 1995. – 5 желтоқсан (№ 32). – 10-11б.
Зұлхаров Ғ. Әрiптiкi емес, Көкбайдiкi: [Ә.Тәңiрбергенұлының “Абылай хан – Қандыжап бiтiмi” атты дастанының Көкбай Жанатаевтың “Қандыжап” поэмасы деген пiкiр] // Қазақ әдебиетi. – 1997. – 2 желтоқсан (№ 48). – 6 б.
Зүкенов Мәуітқазы. Сәдір әйгілі Әріппен де сөз таластырған.: [ақын Сәдір Жәпекұлы туралы.] // Дидар. – 2013. – 31 қазан. – 15 б.; Өтікен. – 2015. – №1. – 184-186 б.
Карменова Г. Абайдың ақын шәкірттерінің бірі – Әріп Тәңірбергенұлы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2015. – №9. – 103-113 б.
Кенжебаев Б. Әрiп Тәңiрбергенов: [туғанына 100 жыл толуына] // Әдебиет және искусство. – 1956. – № 12. – 88-91 б.
Қасымова Ә. Ә. Абайдың ақын шәкiртi Әрiп өлеңдерiнiң идеялық – тақырыптық негiзi Ә.Қасымова // Абай мен Пушкин шығармашылығындағы үндестiк = Созвучие творчества Абая и Пушкина: Халықаралық ғыл. – практ. конф. материалдарының жинағы (24-26 тамыз 2006 ж.). – Семей, 2006. – 415-419 б.
Қасымова Ә.Ә. Әрiп поэзиясындағы өмiр шындығы // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы = Вестник КазНУ. Сер. филологическая. – 2006. – № 5.- 117-120 б.
Мұхаметханов Қ. Ақын жыры – Октябрь: Ә.Тәңiрбергенов творчествосы // Қазақ әдебиетi. – 1966. – 28 октябрь.
Негимов С. Әрiп Тәңiрбергенов туралы сөз // Еуразия университетiнiң хабаршысы. – 1999. – № 2. – 115-119 б.
Негимов С. Өлең сөздiң өрен жүйрiгi: ақын Әрiп Тәңiрбергеновтың туғанына 150 жыл толуына орай // Түркiстан. – 2006. – 31 тамыз. – 7 б.
Оразғалиева Л.М. Абайдың ақын шәкiртi Әрiп Тәңiрбергенұлы шығармаларының тiлiндегi кейбiр ерекшелiктер // Павлодар МУ хабаршысы. Филологиялық серия = Вестник Павлодарского ГУ. Сер. филологическая.- 2005. – № 4.- 146-153 б.
Оразғалиева Л.М. Абайдың ақын шәкiрттерi тiлiндегi метонимияның көркемдiк-стильдiк сипаты: Әрiп, Көкбай, Мағауия, Ақылбай шығармалары бойынша // Семей мемлекеттiк педагогикалық институтының хабаршысы = Вестник Семипалатинского государственного педагогического института. – 2005. – № 3. – 135-140 б.
Серiкбаев С. Арқаның ақиық ақыны: [Әрiп Тәңiрбергенұлының туғанына 145 жыл] // Дидар. 2001. – 2 маусым. – 4 б.
Тәңiрбергенов Әрiп (1856-1924) // Алматы ақшамы. – 2002. – 12. – желтоқсан . – 3 б.
Уалханова М. Әрiп Тәңiрбергеновтiң әдеби мұрасы // Қазақ және әлем әдебиетi = Казахская и мировая литература. – 2005. – № 6. – 9-10 б.
Үш өлеңнiң тарихы: [Әрiп ақынның ел аузында айтылып жүрген кейбiр әдеби шығармалары хақында] / ел аузынан жазып алған Х.Кенжебаев // Семей таңы. – 1997. – 12 сәуiр.