Абайдың қанатты сөздері

Өмір, уақыт туралы

 

Алланың өзі де – рас, сөзі де – рас.

***

Өмір – мұхит, уақыт толқын.

Өмірдің алды – ыстық , арты – суық,

Алды – ойын, артқы жағы – мұңға жуық.

***

Азат басың болсын құл,

Қолдан келмес іске ұмтыл.

***

Сен де бір кірпіш дүниеге ,

Кетігін тап та, бар қалан.

***

Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе.

Күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір,

Ең  болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал.

***

Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.

***

Мен егер Закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.

***

Сағаттың шықылдағы емес ермек, һәмиша өмір өтпек — ол білдірмек.

***

Менімен менікінің айырылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес.

***

Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы.

***

Өлейін деп өлмейді өлерлік жан.

***

Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел.

***

Сұлуды сүймектік — пайғамбар сүннеті.

***

Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.

***

Шешеннің тілі
Шебердің бізі.

***

Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар — құдай қарғағандар.

***

Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.

***

Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар.

***

 

«Қусың» десе қуанатындар да кездеседі.

***

Серт бұзғанның орны шоқ.

***

Сенісерге жан таба алмай, сенделеді ит жүрек.

***

Өткен өмір қу соқпақ,
Қыдырады талайды.

***

Көкірегі – сезімді, көңілі – ойлыға бәрі анық.

***

Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.

***

Сен асыққан екен деп — Алла өмірін өзгертпес.

***

Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.

***

Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі – зор билік, екіншісі – есепсіз байлық.

***

Жақсылық – ұмыт, жаңылыс – кек.

***

Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды.

***

Хақ сөзді бала айтса да тоқтамақ керек.

***

Пенде өлмейді арманнан.

***

Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.

***

Сынық қанат көбелек – ол да өмір іздемек.

***

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

***

Қайғысыздың бәрі асау.

***

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес

***

Дүниеде жалғыз қалған адам — адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында.

***

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар – надандық, еріншектік, залымдық.

***

Нәпсінің қу мінезін – тіл де үйренеді.

***

Сөзіне қарай кісі ал,

Кісіге қарап сөз алма

 

 

Еңбек, достық туралы

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық

***

Бейтаныс кісі бітеу жаңғақ.
Бүгінгі дос ертең жау.

***

Жаныңа жаққанның соңына еруге жалқауланба.

***

Досыңа достық — қарыз іс.

***

Баланы ең әуелі мейір – шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы.

***

Жақсы дос – білген сырын сыртқа жаймас.

***

Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса — қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса— іздеп таба алмайсың.

***

Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек…Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың төресі сол.

***

Еңбек қылмай тапқан мал, дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.

***

Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың.

***

Жақсы дос білген сырын сыртқа жаймас.

***

Досыңмын деп жүріп, дұшпандығын оздырар жамандар болады.

****

Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.

***

Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.

***

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым , ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.

***

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы секілді тез суалар

***

Егер ісі мөнсін десең,  ретін тап.

***

Жұмысы жоқтық,

Тамағы тоқтық

Аздырар Адам баласын.

***

Адал еңбекпен мал іздемек – оларлы адамның ісі.

***

 

Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық.

***

Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.

***

Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың.

***

Досы жоқпен сырлас

Досы көппен сыйлас.

***

Қайғысыздан сақ бол,

Қайғылыққа жақ бол.

***

Жаман дос – көлеңке, басыңды күн шалса,

Қашып құтыла алмайсың, басыңда бұл талса,

Іздеп таба алмайсың.

***

Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс,

Оның қадірін жетесіз Адам білмес.

***

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

***

Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды.

***

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

***

Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.

***

Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!

***

Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.

***

Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.

 

 

 

Білім, ғылым, мәдениет туралы

 

Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.

***

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.

***

 

…Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.

***

Құдайдан — қорық, пендеден — ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!

***

Қайратсыз ашу-тұл,
Тұрлаусыз ғашық-тұл.
Шәкіртсіз ғалым-тұл.

***

Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

***

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

***

Тегінде Адам баласы, Адам баласына нақыл, ғылым,  ар, мінездеген нәрселермен озады.

Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің, бәрі де ақымақшылық.

***

Пайда ойлама, ар ойла,

Дәулет бітпес келбетке.

***

Талаптың мініп тұлпарын,

Тас қияға өрледің.

***

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма ,

Қолымды мезгілінен Кеш сермедім.

***

Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,

Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең…

***

Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп

Екі жаққа үңілдім.

***

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

***

Ынсап, ұят, терең ой –
Асыл зейнет біліп қой.

***

Мұңдасып, Шер тарқатысар кісі болмаған соң

Ғылым өзі – бір тез қартайтұғын күйік.

***

Адамның бір қызығы – бала деген

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Шекпен кисін, шеен алсын деп бермедім.

***

Әсемпа зболма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан .

***

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның, білсеңіз.

***

Талап, еңбек, терең ой ,

Қанағат, рақым – ойлап қой,

Бес асыл іс, көнсеңіз.

***

Дүние де өзі мал да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

***

Зерек ақыл – суық мұз.

***

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.

***

Кейбір адамдар ішсем, жесем деп дүниеге келеді, ал кейбіреулері білсем, көрсем деп келеді.

***

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.

***

Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,
Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл.
Құр жасы елулерге келсе-дағы,
Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiл

 

Адам, адамгершілік, ақыл, жүрек хақында

 

Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды.

***

 

Ақылы түгел, ойлы адамның баласы — осы адам баласының жалықпайтын нәрсесi бар ма? Тамақтан да, ойыннан да, күлкiден де, мақтаннан да, кербездiктен де тойдан да, топтан да, қатыннан да, көңiл аз ба, көп пе жалығады. Оның үшiн бәрiнiң айыбын көредi, баянсызын бiледi, көңiлi бұрынғыдан да суи бастайды.

***

Өзімшілдік — адамды бұзатын пиғыл.

***

Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.

***

Құдайшылық — жүректе. Қалпыңды таза сақта.

***

Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.

***

Атымды адам қойған соң,
Қайтып надан болайын.

***

Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

***

Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен:
– Дауасыз не? Арзан не, қымбат не? – деп сұрапты. Бегеш оған:
– Дауасыз – кәрілік; арзан – өтірік; қымбат – шындық,- деп жауап береді.

***

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

***

Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.

***

Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылдығы…

***

Арлану ақылдының ісі.

****

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.

***

Сүйер ұлың болса сүй, Сүйінерге жарар ол.

***

Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.

***

Ақыл – жан қуаты.

***

Пейілі кедей байдан сақта.

***

Пайда, мақтан, әуесқой — шайтан ісі.

***

Адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі.

***

 

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

***

 

Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады.

***

 

Әйтеуiр анадан тәуiрмiн ғой деме. Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жаман болады-дағы.

***

 

Жұрт — жас бала, жылатып тартып алма…

***

 

Есебі жоқ ант ішпе.

***

 

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас,
Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.

***

 

Қаруыңның барында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмiрдiң бәрi де жел.

***

 

Бір қылығың жағып күнде жақсы болмайсың.

***

 

Пендеде бiр iс бар — жалығу деген. Ол —тағдырда адаммен бiрге жаратылған нәрсе, оны өзi тапқан емес. Оған егер бiр iлiксе, адам баласы құтылмағы қиын.

***

 

Елдi билеуден адамның өзiн-өзi билеуi қиын. Жағдайы келгенде бақ көтерiп, таққа отыру бола бередi. Бiрақ соның буымен өзiн-өзi ұстай алмай, абыройын ашатындар көп.

***

 

Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркiм бiр ит сақтап жүр ырылдатып.

***

 

Кей адам бүгiн тату, ертең қату
Тiлеуi, туыстығы бәрi сату.

***

 

Кейбіреулерге қанша мал бітсе де, байлық бітпейді.

***

 

 

Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек.

***

 

Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкiм қалап.
Терең ой, терең ғылым iздемейдi,
Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап.

***

 

Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды.

***

 

Ненiң қызығын көп iздесең, соның азабын бiр тартарсың.

***

 

Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда.

 

Әркiмдi заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманды жаман күйлемек,
Замана оны илемек.

***

 

Терiн сатпай, телмiрiп көзiн сатып,
Теп-тегiс жұрттың бәрi болды аларман.

***

 

Мен көрдiм дүние деген иттiң көтiн,
Жеп жүр ғой бiреуiнiң бiреуi етiн.
Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда
Көбiнiң сырты – бүтiн, iшi – түтiн.

***

 

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.

***

 

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

***

 

Жастықтан бір күлгенің, мың қаралық.

***

 

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті.

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

***

 

Атымды Адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын.

***

 

Күшік асырап ит еттім.

Ол балтырымды қанатты.

***

 

Біреуге мылтық үйреттім,

Ол мерген болды, мені атты.

***

 

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек

Жеке-жеке біреуі жарытпайды,

Жол да жоқ жарыместі жақсы демек.

***

 

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.

***

 

Ар мен ұятқа терістіктен сілкініп , бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтағанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?

***

 

Ер артық сұраса да, азға разы болады,

Ез аз сұрар, артылып берсең  де разы болмас.

***

 

Жасанды кішіпейілділік – жақсы қасиет емес

Тірі адамның ардан аяулы жері бар ма?

***

 

Көп айтса, көнді,

Жұрт айтса болды-

Әдеті надан адамның.

***

 

Құйрығы – шаян, беті адам,

Байқамай сенбе құрбыға

Жылмыңы сыртта, іш-арам

Кез келер қайда сорлыға.

***

 

Ақыл мен ойлап білгенсөз

Бойыңа жұқпай сырғанар.

Ынталы жүрек сезгенсөз,

Бар тамырды қуалар.

***

 

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады, білсең керек,

Әдебиет, өнер, тіл туралы

 

Тіл өнері дертпен тең.

***

 

Мал жұтайды, өнер жұтамайды.

Жүрегімнің түбіне терең бойла.

***

 

Егерде мал керек болса — қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегiн сатқан қолөнерлi — қазақтың әулиесi сол.

***

 

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы…

***

 

Өнер алды – қызыл тіл.

Тіл өнері – дертпен тең.

***

 

Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.

Ақылдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.

***

 

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

***

 

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Үннің тәтті оралған мәні оятар…

***

 

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді

Тыңдағанда көңілдің өсері бар.

***

 

Бойда – қайрат, ойда – көз

Болмаған соң ,айтпа сөз.

***

 

Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,

Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.

***

 

Өзгеге, көңілім тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың?

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың.

***

 

Көңілдегі көрікті ой  ауыздан шыққанда өң қашады.

***

 

Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс – сөз жақсысы

Қазақтың келістірер қай баласы?

***

 

Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан сауық ойда жоқ әуел баста-ақ.

***

 

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

***

 

Өлең деген – әр сөздің ұнасымы,

Сөз қосралық ,орайлы жарасымы.

Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,

Оған кімнің ұнасар таласуы.

***

 

Туғанда дүние есігін ашады өлең

Өлеңмен жер қойнына кірер денең…

***

 

Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй…

Ғашықтық,  махаббат  туралы

 

Сұлуды сүю – пайғамбар сүннәті.

***

 

Ғашықтың тілі – тілсіз тіл,

Көзбенкөр де, ішпен біл.

***

 

Сенен артық Жан тумас,

Туса туар – артылмас.

Бір өзіңнен өзгеге

Ынтықтығым айтылмас.

***

 

Ғашықтық – қиын жол.

Жетсең – жеттің…

***

 

Ғашықтық, құмарлық  пен – ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.

Сенен артық Жан жоқ деп ғашық болдым,

Мен не болсам болайын, сен аман бол.

***

 

Махаббатсыз дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар.

***

 

Махаббат – әуелі адамның адамдығы.

***

 

Шын көңілмен сүйсе екен,

Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе.

***

 

Жарқ етпес қара көңлім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да.
Дүниеде маған сендей жар жоқ сірә,
Саған жар менен артық табылса да.

***

 

Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.