Абай  – әлемдік деңгейдегі қазақтың аса көрнекті данышпаны.  Абайдың таланты оның көптеген поэзиялық шығармаларында және «Қара сөздерінде» көрінеді. Қазақтың ұлы ақыны жаңа реалистік және демократиялық бағыттағы қазақ жазба әдебиетінің және қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы болды.

Абай өз шығармаларында  еңбексүйгіштік, білімге деген сүйіспеншілік, мейірімділік және даналық сияқты маңызды және мәңгілік өзекті құндылықтарды насихаттады.

Абай мұрасы – ғасырлар бойы жинақталған қазақ халқының барлық даналығын бойына сіңірген рухани байлық.

Абайдың ойлары ойлары әрқашанда өзекті болып қала береді.  Оның шығармалары барлық жастағы,  діндердегі,  ұлттардағы  адамдарды біріктіріп,  әлемнің ондаған тілдеріне аударылған.

10 тамыз – ұлы ақын, гуманист, әлемдік деңгейдегі ойшыл – Абай Құнанбаевтың туған күні (1845-1904). Абайдың 175 жылдық мерейтойы  ЮНЕСКО көлемінде аталынып өтуде.

Абай Құнанбаевтың өмірбаяны көп қырлы және мазмұнды, оның өмірбаянына  көптеген ғылыми зерттеулер мен әдеби шығармалар арналған. Абайдың өмірі, шығармашылығымен, кітапхананың ақпараттық ресурстарымен танысуға қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі «Әлемдік ойдың  алыбы»  виртуалды көрмесі мүмкіндік береді.